27 Ақпан, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №82 

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылғы 18 ақпан, Астана, Үкімет Үйі Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2016 жылға арналған өңірлік квотасын бекіту туралы «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналар: 1) 1259 отбасыдан тұратын оралмандарды қабылдаудың 2016 жылға арналған өңірлік квотасы; 2) 463 отбасыдан тұратын қоныс аударушыларды қабылдаудың 2016 жылға арналған өңірлік квотасы белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2016 жылғы 1 тамызға және 2017 жылғы 1 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы есеп ұсынсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.